Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Салли Джейн Аксуорсимен кездесті.
Сенат Төрағасы Ұлыбритания елшісімен кездесті
85
оқылды

Мәулен Әшімбаев елшіні тағайындалуымен құттықтай отырып, Ұлыбритания Қазақ­станның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол екі ел арасында дипломатиялық қарым-қаты­настың орнағанына 30 жылдан астам уақыт өткенін, бүгінде өзара байланыс достық, сенім, құрмет және ортақ мүдделерге табан тірейтінін айтты.

«Қазір Қазақстан-Британ қатынастары түрлі салада қар­қын­ды дамып келеді. Ең жоғары деңгейде берік және сындарлы саяси диалог қалыптасты. Былтыр қараша айында Бакуде өткен COP29 жаһандық климаттық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Ұлыбри­тания Премьер-министрі Кир Стармердің кездесуі елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Сондай-ақ 2024 жылғы сәуірде Біріккен Король­діктің сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары кезінде Стра­тегиялық серіктестік пен ынты­мақтастық туралы келісімге қол қойылғаны белгілі. Қазақстан Парламенті осы Келісімді іске асыруға өз септігін тигізуге дай­ын», – деді Сенат Төрағасы.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәсе­лесіне де тоқталды. Сұхбат кез­інде екі елдің Парламент­терінде жұмыс істейтін достық топтары аясында өзара іс-қимылды одан әрі арттыру жөніндегі міндеттер белгіленді.

Сонымен қатар палата Спи­кері Мемлекет басшысының бас­тамасымен Қазақстанда жүр­гізіліп жатқан саяси және әлеу­меттік-экономикалық рефор­маларға назар аударды. Мәулен Әшімбаев Қазақстанның саяси жүйесін демократияландыру мә­селелеріне және Президент Жол­дауындағы жаңа бастамаларға жан-жақты тоқталып, жүргізіліп жатқан өзгерістердің стратегия­лық маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол Әлемдік және дәстүрлі дін­­дер көшбасшыларының съезі­не үнемі қолдау көрсетіп, белсенді қатысып келе жатқаны үшін Анг­ликан шіркеуінің рухани өкіл­деріне ризашылық білдірді.

Өз кезегінде Салли Джейн Аксуорси Парламент Сенатымен екіжақты қарым-қатынастың кеңауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі ны­ғай­туға мүдделі екенін айтты.