Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес-форумына қатысты
176
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар іс-шараға Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты✔️, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиын аясында «Жасыл даму және орнықтылық», «Цифрлық трансформация мен өзара байланыс», «Қаржы, адам ресурстары және бизнеске арналған әлеуметтік жүйені дамыту» секілді тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды.✔️

Сондай-ақ Орталық Азия мен Жапонияның іскерлік орта өкілдері кездесулер өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары және «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумының қорытындысы бойынша қазақстандық тарап пен жапон бизнес құрылымдары арасында жалпы құны 3,72 миллиард доллар болатын 60-тан астам құжатқа қол қойылды.