Президент Дональд Трамп соққыларды «өте сәтті жауап» деп бағалады
АҚШ әскері Сирияда ИМ террористік ұйымының 70-тен нысанын бомбалады - Reuters
istockphoto.com
157
оқылды

АҚШ әскері Сирияда «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының 70-тен астам нысандарын әуе соққыларын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Reuters мәліметінше, бұл соққылар 19 желтоқсанда ұйымдастырылды және террористік топтың жауынгерлері, инфрақұрылым мен қару қоймалары нысанаға алынды. АҚШ пен оның одақтастары – әуе күштері, тікұшақтар мен ракеталық жүйелерді пайдаланды. 

Операция «Operation Hawkeye Strike» деп аталды. АҚШ қорғаныс министрі бұл қадамды 13 желтоқсанда Сирияда америкалық әскери қызметкерлер мен аудармашының қаза табуына жауап ретінде сипаттады

Президент Дональд Трамп соққыларды «өте сәтті жауап» деп бағалады және Сирия үкіметінің осы операцияға толық қолдау көрсеткенін мәлімдеді.