Бұл соңғы күндердегі осындай үшінші оқиға
Венесуэла маңында кеме тоқтатылды: АҚШ қысымды арттырды - Reuters
238
оқылды

АҚШ билігі Венесуэлаға жақын аймақта тағы бір кемені тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Reuters таратқан мәліметке сәйкес, кеме халықаралық теңізде ұсталған және санкцияға іліккен мұнай тасымалына қатысы болуы мүмкін.

Бұл соңғы күндердегі осындай үшінші оқиға. АҚШ тарапы аталған әрекеттерді Венесуэлаға қарсы экономикалық қысымды күшейту шараларының бір бөлігі деп түсіндірді. Ал Каракас мұндай қадамдарды заңсыз деп бағалап, халықаралық нормаларға қайшы екенін мәлімдеді.