Қалқаман Сарин өз жазбасында Асанәлі Әшімов пен Жүрсін Ерманның кездесуі туралы айта кетті.
«Үш ұйықтасақ та, түсімізге кірмеді»: Қалқаман Сарин Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы жазба жариялады
175
оқылды

Белгілі ақын Қалқаман Сарин аңыз әртіс Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қалқаман Сарин өз жазбасында Асанәлі Әшімов пен Жүрсін Ерманның кездесуі туралы айта кетті. 

"ЖҰМА КҮНГІ ЖҮЗДЕСУ… Иә, екі күн бұрын Алматыда Асанәлі, Жүрсін ағаларымызбен кездесіп, көркем естеліктер тыңдап, көңілге көп дүние түйіп қайтқан едік. Аға мен інінің арасындағы жарасымды сыйластыққа, інінің еркелігі мен ағаның қамқорлығына куә болдық.
Қос ағамызды шығарып салып тұрып, Асекеңді соңғы рет көріп тұрғанымызды сезбеппіз. Енді қайтып оралмайды, ортамызды толтырып, төрімізде отырмайды деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмеді. Інісін алдына салып, ілбіп басып келе жатыр еді. Өзі озып кетті. Өмірден озды…
Ал Жүкең болса арқа тұтар ағасынан айырылып, таяғына сүйеніп қала берді",-деп жазды ол.