«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында Miras аймақтық кеңесі отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы талқыланды.
Аймақтық кеңестің алқалы жиыны
105
оқылды

Кеңес мүшелері халықтың мәдени іс-шаралармен қамтылуы, өңірдің көрнекті тұлғаларының мерейтойлық күндерге арналған іс-шаралары туралы есепті тыңдады. Сонымен қатар 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қорытындыланып, келер жылға жоспарлар ұсынылды.

Кездесуге қала және аудан әкім­дерінің орынбасарлары, мәдениет бөлімдерінің басшылары қатысты.

– Жол картасы бойынша 2025 жыл­дың қаңтарынан желтоқсанына дейін 7760 іс-шара өткізілді. Бірнеше ірі жоба жүзеге асты, оның ішінде «Барлығына арналған өнер», STREET BEAT KRG, ARQA Fest фестивалі, «Ерекше қос жұл­дыз», «Қарағанды вернисажы», «Ұлттық қолөнер – асыл  қазына», «Қарашада өмір түр» поэзия кештері сериясы және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясын­дағы «Еңбекке тағзым» жобасы, – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Қара­ған­ды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков.

Айта кету керек, жыл бойы маңыз­ды мерейтойлар мен естелік күндерді атап өтуге арналған іс-шаралар наз­ардан тыс қалған жоқ. Абай Құнан­баевтың 180 жылдығына арналған театрландырылған бағдарлама және концерттер өткізілді. Алаштың 120 жылдығы аясында Алаш ғалым­дары­ның қатысуымен ұйым­дасты­рылған дәрістерге халық көп жиналды.

Наурыз мейрамында көшпелі іс-шаралар, флешмоб, ұлттық киімдер сән көрсетілімі, «Наурыз керуені» мерекелік автобусы жүріп, қалалық саябақтар мен мәдени мекемелердегі концерттер ұйымдастырылды. 7 және 9 мамырда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына, Республика күніне арналған патриот­тық ән фестивалі, мерекелік концерт­тер де жоғары деңгейде өткізілді.

Биыл Қазақстан ғылымының, әде­биетінің және өнерінің көрнекті тұл­ғаларының маңызды мерейтой­ларына ерекше көңіл бөлінді. Ака­демик Евней Бөкетовтің 100 жылды­ғына орай Қара­­ғанды орталық­тан­дырылған кітап­хана жүйесінің филиал­дары көптеген іс-шара өткізді. Ақын Серік Ақсұң­қарұлының 75 жыл­дығына орай шығар­машылық кеш ұйым­дастырылды. Татар ұлттық филармония­сының 210 жыл­дығы атап өтіліп, Ұлттық домбыра күні аясында Орталық саябақтың тұрақты сахнасында «Домбыра – Асыл­мұра» атты кең көлемді флешмоб құрылды.

Кеңес шешімі бойынша мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өңірдің көрнекті тұлғаларының мерейтойлық күндерін насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы