Әйелдің жеке басы анықталып, іздестіріліп жатыр.
«Апта сайын осылай жуамын»: мысығын кір жуғыш машинаға салатын әйелдің әрекеті қызу талқыға түсті
327
оқылды

Жетісу облысында тұратын әйел мысықты кір жуғыш машинаға салып жуған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Талдықорғандық тұрғын мысықты әдейі кір жуғыш машинаға салып, сосын оны қосып жіберіп, азаптау сәтін WhatsApp статусына жариялаған. Онымен қоймай:

"Өзім аптасына бір рет моншаға түсемін, ал мысығымды осылай апта сайын кір жуғыш машинаға түсіріп, жуып аламын",  деп жазып, видеосын салып қойған.

Адамгершілігі бар желі қолданушылары бейнежазбаны сақтап, желіде таратқан. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Threads әлеуметтік желісінің қолданушылары e-Otinish платформасы арқылы жаппай шағым жолдап жатыр. Әйелдің жеке басы анықталып, іздестіріліп жатыр.