Бұл аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжымның көп жылғы еңбегінің жемісі екенін атап өткен.
«27 жылдағы алғашқы марапат»: Қарақат Әбілдина «Ұлытау» тобын құттықтады
3,870
оқылды

Әнші Қарақат Әбілдина «Ұлытау» тобын өнердегі жетістігімен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.

Бұл аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжымның көп жылғы еңбегінің жемісі екенін атап өткен.

«Сендер біз үшін өнерлеріңмен де,адамгершіліктеріңмен де биіктесіңдер! 27 жыл сахнада жүргенде алған алғашқы төс белгілерің құтты болсын! “Халық жанашыры”», - деп жазды өнер иесі.

Сонымен қатар әнші қоғамдық қордың «Намыс» орденімен марапатталған Қыдырәлі Болмановты құттықтап жатқан көрерменге алғыс білдірді.

«Ар-намысын бәрінен жоғары қоя білген асыл азаматыма басқа емес, “Намыс” орденінің берілгені , лайықты әрі жарасымды. Қуаныштымыз! Тілектеріңізге мың алғыс!» - деді әнші.

Айта кетейік, танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының осы уақытқа дейін ешқандай марапат алмағанына ренішін білдіріп еді. 

P.S. Аталған орден мемлекеттік марапатқа жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM   арнасынан табасыз.