Продюсер Мөлдір Мұқан Қарақат Әбілдинаға алғысын айтып, оның әншілікке бет бұруына себепкер болғанын әлеуметтік желіде жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Халықпен бірге мені әлпештеп жүрген алыбым – қазақтың аймаңдайлысы Қарақат Әбілдина. Өнерге деген махаббатымды сезіп, әндеріме баға беріп, ән орындауыма бата беріп, мені бүгін тағы да шабыттандырып қойды. Мен қандай бақытты жан едім, достар. Қақатымнан осындай баға алғанда жүрегім жарылардай қуандым, шаттандым. Қыдырәлі ағам екеуіңіздің жақсылықтарыңызды ешқашан ұмытпаймын. Сіздерге қарап бой түзеп, алға қарай жүре беремін. Сіздердей жандар барда қазақтың өнері шарықтай береді, ал сіздер бізге шабыт бере беріңіздер. Құрметті жанның мен үшін қадірлі пікірін парақшамда сақтаймын», – деп жазды Мөлдір Мұқан.