2026 жылы стипендия алатындардың құрамы бекітілді.
Ұлттық ядролық орталықтың 200-ден астам қызметкерінің еңбегі бағаланды
95
оқылды

Еліміздің Ұлттық ядролық орталығы жыл ішінде бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру аясындағы жобалар ойдағыдай іске асырылып, халықаралық ынтымақтастық бойынша барлық негізгі міндет толық көлемде орындалды,  деп хабарлайды Aykin.kz

Атом энергетикасын дамыту

Қауіпсіздікті арттыруға және перспективалық ядролық технологияларды дамытуға бағытталған жобалар іске асырылды:

Жапония мен Франциядан келген серіктестермен сұйық металл жылу тасығышы бар жаңа буын реакторларының қауіпсіздігін негіздеу бойынша бірлескен жұмыстар жалғастырылды, Қытайдың Атом энергиясы институтында жұмыс істейтін жаңа серіктестермен жүргізілетін жұмыстар талқыланып жатыр;

АҚШ ұйымдарымен бірлесіп Ұлттық ядролық орталықтың зерттеу реакторларын конверсиялау және жоғары байытылған уранды пайдалану көлемін азайту жұмыстары аясындағы жобалар ойдағыдай іске асырылды, пайдаланылған ядролық отын қоймасы салынды (SILO), нәтижесі МАГАТЭ-ге баяндалып, жоғары бағаланды;

пайдаланылған ядролық отын мен радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз сақтау қамтамасыз етілді.

Термоядролық және перспективалық энергетикалық технологиялар

Қазақстандық КТМ токамагында зерттеулер жалғастырылды. Плазманы ұстап тұру және эксперименттік инфрақұрылымды жаңғырту саласында маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Басқарылатын термоядролық синтез саласында ТМД, Жапония және Қытай елдерімен, сондай-ақ ITER халықаралық жобасымен халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді.

Сонымен қатар Ұлттық ядролық орталық сутегі энергетикасын дамытып келеді. Технологиялық біліктілік орталығы негізінде сутегін өндіру, сақтау және тасымалдау технологияларын әзірлеуге бағытталған халықаралық жобалар іске асырылып жатыр.

Радиациялық қауіпсіздік және экология

Төтенше радиациялық қауіпті аймаққа жатқызылған Семей сынақ полигонына іргелес аумақтардың бір бөлігін кешенді экологиялық зерттеп-тексеру аяқталды.

ССП-дағы қоршаған ортаның жай-күйін тұрақты бақылауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы радиациялық мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Алынған деректер қажет болған жағдайда ластанған учаскелерді оңалту шарасын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық ядролық орталық сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарды радиациялық сүйемелдеу және еліміздің бүкіл аумағы бойынша экологиялық мониторинг жүргізу жұмысын кеңейтуде.

Таратпау және халықаралық қауіпсіздік

2025 жылы таратпау режимін қолдау және Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты орындау шеңберінде:

бұрынғы Семей сынақ полигоны объектілерінің қауіпсіздігін арттыру жұмыстары жүргізілді;

ядролық сынақтарды бақылаудың халықаралық жүйесіне кіретін 17 мониторинг стансасының үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді;

Бурабайдағы халықаралық мониторингтің негізгі стансаларының бірін ауқымды жаңғырту аяқталды;

Шүлбі ГЭС  орналасқан аудандағы сейсмикалық жағдай мен топырақтың қасиетін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді.

Сонымен қатар ядролық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық іс-шаралардың елеулі кешені жүзеге асырылды.

Халықаралық ынтымақтастық

Ұлттық ядролық орталыққа 80-нен астам шетелдік делегация келді, халықаралық іс-шаралар – конференциялар, семинарлар, кездесулер өткізілді.

Жыл ішінде серіктестік желісі кеңейтіліп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және халықаралық серіктестердің сенімін нығайтуға мүмкіндік беретін жаңа келісімдерге қол қойылды.

Кадр даярлау

Жас мамандарды даярлауға, ғылыми кадрды дамытуға және жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жүргізуге басымдық беріледі:

ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференция-конкурсы өткізіліп, «Жас физик» жазғы мектебі ұйымдастырылды;

Жапонияның атом энергиясы агенттігімен (JAEA) бірлесіп «Ядролық және радиациялық аварияларға дайын болу» және «Реактор технологиялары» оқу курстары ұйымдастырылды;

Ұлттық ядролық орталық негізінде өңірлік университет кафедраларының үш филиалы жұмысын жалғастырды, ҚР ҰЯО басшылығы мен қызметкерлері PhD диссертацияcын қорғау жөніндегі үш диссертациялық кеңестің тұрақты құрамына кіреді;

Бас директордың жыл сайынғы атаулы стипендиясын төлеу жалғастырылды,  2026 жылы стипендия алатындардың құрамы бекітілді;

Ұлттық ядролық орталықтың 200-ден астам қызметкерінің еңбегі мен кәсіптік шеберлігі мемлекеттік, салалық және ведомстволық деңгейде атап өтілді.