Жетісу облысының шығысы, орталығы және таулы аймақтарында кейде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Тұман түсіп, көктайғақ болады: 27 желтоқсанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
132
оқылды

Қазгидромет 27 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысында 27 желтоқсанда батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.

Көкшетауда да түнде және таңда желдің екпіні 15–20 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысының батысы, оңтүстігі және таулы өңірлерінде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады және тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Таулы асуларда шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с.

Шымкентте кейде тұман түсіп, түнде және таңертең көктайғақ болады. Түркістан қаласында көктайғақ пен тұман байқалады.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысында күндіз батыс, оңтүстік және орталық аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын болады. Түнде және күндіз көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-ке жетеді.

Ақтауда күндіз көктайғақ байқалып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, ал батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с болады. 2025 жылғы 27 желтоқсан мен 2026 жылғы 2 қаңтар аралығында облыста қар мөлшері нормадан артық болуы мүмкін.

Орал қаласында күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысы мен таулы аймақтарында түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және таулы өңірлерінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-ке жетеді. Осы кезеңде облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында жауын-шашын мөлшері нормадан артық болуы ықтимал.

Таразда кей уақытта тұман түседі.

Павлодар облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман байқалады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман мен көктайғақ болады. Қызылорда қаласында да  тұман мен көктайғақ болады.

Өскеменде түнде және таңертең қар, боран және көктайғақ болады.

Семейде түнгі уақытта қар, боран және көктайғақ байқалады.

Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Петропавлда да жел күшейеді.

Жетісу облысының шығысы, орталығы және таулы аймақтарында кейде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с дейін күшейеді.

Талдықорғанда да тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.