Халық әртісі, әнші Әлішер Кәрімов «Kezdesu» YouTube арнасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші «Халық әртісі» атағын алған кезде өзін қолдаған жандарға алғыс айтты. Сонымен қатар сынға алған пікірлер болғанын да жасырмады. Соның ішінде өнердегі әріптестері де бар.
«Өнерімді әріптестерім үшін емес, тыңдармандарым үшін жасаймын. Бәріне бірдей ұнау мүмкін емес, хейт болатынын да білдім. Бірақ оған мән бермедім. Ең бастысы — мені тыңдайтын халқым бар. “Супер стар” жобасында да мені таңдаған қазылар емес, Қазақстан халқы. Сондықтан сол жауапкершілікті арқалап келемін», - дейді әнші.
Өнер иесі әріптестері арасында досы жоқ екенін айтты.
«Шоу-бизнесте досым ешқашан болмаған. Мен шоу-бизнестегі достыққа сенбеймін. Бірақ өмірде шын достарым бар», - дейді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.