ТЖМ құтқарушылары мұз астына түсіп кеткен жүк көлігін шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
112 пультіне Батыс Қазақстан облысы Октябрьское ауылында Шаған өзеннен өту кезінде жүк көлігі мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Жүргізуші дер кезінде көліктен шығып үлгерді.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті.
Сүңгуірлер тобы арқанды бекітіп, жүк көлігін судан шығарды.
Зардап шеккендер жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.