Әнші өзіне күтім жасап, косметологқа баратынын жасырмады.
«Түрі не болып кеткен?»: әнші Әлішер Кәрімов өзін сынағандарға жауап берді (видео)
Фото: instagram.com/alisher_k
227
оқылды

Халық әртісі, әнші Әлішер Кәрімов "Кezdesu" Youtube арнасына берген сұхбатында бетіне күтім жасайтынын ашық айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі эфир барысында «Әлішердің түрі не болып кеткен? Табиғи бейнесі жақсы еді. Қазір тартымсыз» деп сын айтқан көрерменге жауап берді. 

Әнші өзіне күтім жасап, косметологқа баратынын жасырмады.

"Көзіме жасатқаным рас. Кейде екпе салғызамын, косметологқа барамын. Ол қалыпты нәрсе деп ойлаймын. Себебі сахнаның адамымын. Сахнаға шыққанда көкрермен сені қанша жыл өтсе де, жас өалпыңда көргісі келеді", - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.