1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Ауа райы күрт бұзылып, Ұлытау және Қызылорда облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
93
оқылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

29 желтоқсан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді: 

Ұлытау облысы: 

- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автомобиль жолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін). 

Қызылорда облысы: 

- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін). 

Жолды 2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.