Ақын жастайынан қиындық көргенін айтты.
"Айтқанының бәрі келді...": Мұхтар Шаханов өмірін болжаған көріпкел туралы айтты (видео)
Фото: YouTube
178
оқылды

Ақын Мұхтар Шаханов "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында балалық шағын еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ақын жастайынан қиындық көргенін айтты. Сонымен қатар алдағы өмірі туралы болжаған көріпкел туралы баяндады.

"Бадам деген ауылда біреудің малханасында тұрдық. Ол кезде өзіміздің жеке үйіміз болмады. Сол кезде мен көршілерден тиын сұрап, Шымкентке тарттым. Ақша жоқ, Шымкентке жаяу бардым. Базарды кесіп өте бергенімде, сол жерде беті шотыр-шотыр бір кісі қолыңды ұстап, тағдырыңды айтады екен. Соған мен де қолымды ұстаттым. Сонда маған айтты: "Балам, сен бүкіл жер шары білетін адам боласың. Бүкіл жер шарында сендей абыройы биігіне, даңқ биігіне көтерілген адам болмайды. Сен өзің 93-ке келіп, өмірден кетесің" деді. Соның айтқанының бәрі келді ғой. Дүние жүзінде мен бармаған мемлекет жоқ. Барлық мемлекетте болдым. Маған енді 93-ке жетуге 11 жыл қалыпты. Соны күтіп жүрмін», - дейді ақын. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрлыбек Мылтықбайұлы (@nur.nurlybek)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.