Ол жан басына шаққанда 15 мың доллардан келеді.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллардан асты
www.istockphoto.com
85
оқылды

Биыл Қазақстан тарихында еліміз тұңғыш рет ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллардан асты. Ол жан басына шаққанда 15 мың доллардан келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай

Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша,  экономикалық өсім 6 пайыздан асады деп күтіледі. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

– Елімізде жалпы құны 1478,1 миллиард теңгені құрайтын 185 жоба пайдалануға берілді. 22,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобалардың барлығы толық қуатына көшкен кезде экономикаға айтарлықтай серпін береді. Өндіріс көлемі 2,3 триллион теңгеге жуықтайды. 2025 жылы Президент Достық-Мойынты теміржолының екінші желісін, Қостанай облысындағы KIA Qazaqstan автокөлік зауытын іске қосты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Шымкент және Қызылорда әуежайының жаңа терминалдарын аралап көріп, Астанадағы Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагонымен танысты. Бұдан бөлек, қара және түсті металлургия, химия, целлюлоза-қағаз, жеңіл және тағам өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында бірқатар жоба іске қосылды, – деп жазды ол.