Соның ішінде «Алатау қаласына даму қарқыны озық қала» арнаулы мәртебесін беру туралы» Жарлыққа қол қойды.
2025 жылда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 95 заңға қол қойды
www.istockphoto.com
153
оқылды

Биыл Мемлекет басшысы 95 заңға, 388 Жарлыққа, 80 өкімге, 22 отырыс хаттамасына, 3504 қызметтік құжатқа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Қазақстан Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды.

"Олардың қатарында Бюджет, Салық, Су кодекстерінің жаңа редакциялары мен «Жасанды интеллект туралы» заңды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға, сондай-ақ «Алатау қаласына даму қарқыны озық қала» арнаулы мәртебесін беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған шешімдері экономикалық өсімнің жаңа ортасын қалыптастыруды, Түркістанды мәдени-туристік орталыққа, ал Алатау қаласын жоғары технологиялық индустриясы бар, іскерлік хабқа айналдыруды көздейді", – деп жазды ол.