Елімізде жас кәсіпкерлер көбейген. Олардың басым көпшілігі жасы 30-ға толмағандар, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ұлттық статистикаға жүгінсек, нарықтағы компаниялар мен жеке кәсіптің 35 пайызы жастардың меншігі. Олардың мәліметінше, елде тіркелген 1 млн 600 мың жеке кәсіпкердің 45 пайыздан астамы – жастар.
«10 айда 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкердің саны 800 мыңға жуықтады. Көбі кәсібін дөңгелетіп, өзгелерді де жұмыспен қамтып отыр. Көтерме сауда, қызмет көрсету және логистика салаларын дамытып жүр. Сондай-ақ ел ішінде ғана емес, сыртқы нарықта да сұраныста ие стартаптар көбеюде. Жастарға "Бизнес бастау", "Жас кәсіпкер" секілді бағдарламалар арқылы қолдау көрсетіледі. Жалпы, кейінгі үш жылда жас кәсіпкерлер саны 12 пайызға асыпты. Бұған мемлекет қолдауы ғана емес, жастардың белсенділігі де ықпал етіп жатыр. Жеке кәсіпкерлердің 40 пайызы – қыз-келіншектер. Олар дәстүрлі салалардан бөлек, креативті индустрия, цифрлық сауда және сұлулық нарығын жаулап жатыр. Бұл тенденция, әсіресе ірі қалаларда көбірек байқалады. Ірі бизнес көп шоғырланбаған аудандарда да әйелдердің кәсібі көпшілікке нәсіп болып жатқаны рас, – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова.