Халықаралық қатынастар жүйесінде бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шыққан.
Қасым-Жомарт Тоқаев 252 сағат уақытын ұшақта өткізген
Фото: akorda.kz
2,225
оқылды

Бір жыл ішінде Президент өңірлерге және шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында 168 960 шақырым жол жүріп, 252 сағат уақытын ұшақта өткізген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Қазақстан Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Telegram арнасында жазды.

– Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерге 16 рет жұмыс сапарымен барды, – деп жазды ол.