Кей аймақта қар жауып, тұман басады.
Жауын-шашын, боран: Қазақстан бойынша 31 желтоқсанға арналған дауылды ескерту
www.istockphoto.com
156
оқылды

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Aykin.kz. 

Атап айтсақ, Астана қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Павлодар облыстарында жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, көктайғақ болады деп күтіледі.

 Астана қаласы, Шымкент қаласы, Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Абай облысы, Маңғыстау облысында қатты жел тұрады. 

Ал Астана қаласы, Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Абай облысы, Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда облыстары, Қызылорда қаласын тұман басады.