Тележүргізуші Динара Сәтжан "Мамский әңгіме" подкастында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Тележүргізуші балалы болуды армандап жүргенін жеткізді. Сонымен қатар ЭКО-ға жүгінгісі келетінін де жасырмады.
"Балалы болғым келеді. Қазір ғылым бір орында тұрған жоқ. Менің жасымда ғылымға сенген дұрыс деп ойлаймын. ЭКО-ға жүгінуді жоспарлап жүрмін. Ешқашан бұл туралы айтамын деп ойламаппын. Дегенмен Құдайдың өз жоспары бар" , - дейді ол.
Айта кетейік, тележүргізуші жақында кәсіпкер Жұмабек Жанықұловпен бас қосқан болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.