Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде отбасылық видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса күйеуі, әнші Қайрат Нұртаспен және балаларымен бірге көңілді отырғанын байқауға болады. Өнер иесі Жаңа жыл мерекесіне орай балаларына деген тілегін жеткізген.
«Балаларыма: Сен Жаратқанның сүйікті жаратылысысың. Ештеңеге қызықпа, ешкіммен өзіңді салыстырма. Барға шүкір, жоққа қанағат. Өткен жылға ризашылықпен қарап, келер жылға жаңа жоспар құрайық. Жылқы жылы біздің ел үшін берекелі болары хақ. Себебі қазақтың мінезі де сәйгүлік сипатты, ұлт үшін киелі жануар. Қашанда тек жақсылыққа, молшылыққа жорылған жыл. Біз қолдан келгенше қолдауға, қорғауға тырысамыз. Ал таңдау тек өздеріңде екенін білгейсіңдер», - деп жазды актриса.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты бірге көргеніне қуанып, отбасына бақыт тіледі.
«Бірге болғандарыңыз үшін қуаныштымыз», «Қуаныштан көзіме жас келді, қандай керемет көрініс. Қайрат пен Жұлдыз бірге, балаларымен бақытты», «Жұптарың жазылмасыншы жандарым», «Алла бақтарыңызды мәңгілік етсін! Отбасыларыңыз аман болсын!» - деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.