Трамп бұл операцияны «аса сәтті» деп атады
Трамп Венесуэланы уақытша АҚШ басқаратынын айтты - The Washington Post
604
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Николас Мадуро биліктен тайдырылғаннан кейін Венесуэланы уақытша АҚШ басқаратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ билігі елдегі өтпелі кезең аяқталғанға дейін басқару функцияларын өз қолында ұстайды.

Сенбі күні таңертең АҚШ арнайы жасақтары жүргізген әскери операция барысында Венесуэла лидері Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес ұсталып, елден шығарылды. Олар әскери база аумағындағы үйінен ұсталған. Кейін олар АҚШ әскери кемесіне жеткізіліп, Нью-Йоркке жөнелтілді. Оларға АҚШ Әділет министрлігі дайындаған «наркотерроризмге қатысы бар» деген айып тағылмақ.

Трамп бұл операцияны «аса сәтті» деп атап, оны АҚШ қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндерге ескерту деп сипаттады. Сондай-ақ ол Венесуэланың мұнай қоры пайдаланылатынын және «үлкен көлемде» сатылатынын да мәлімдеді.

Сонымен бірге операцияның құқықтық негізі нақты түсіндірілген жоқ. Венесуэльаның мемлекеттік телеарналары Мадуроны қолдаған бейнелерді көрсетуді жалғастырды. Трамптың айтуынша, АҚШ билігінің ел аумағында болуы «қазірдің өзінде қамтамасыз етілген».

Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен бұл мәселені талқыламағанын айтты және «оған көңілі толмайтынын» жеткізді.