Қатты желге байланысты теңіз қатынасының бірқатар бағыттары уақытша тоқтатылды
Ыстамбұлда күшті жел соғып, қала өміріне елеулі әсер етті
TRThaber
403
оқылды

Ыстамбұлда оңтүстік бағыттағы күшті жел соғып, қала өміріне елеулі әсер етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

TRThaber мәліметінше, желдің екпіні жағалау аймақтарында толқынның биіктеуіне себеп болып, Үскүдар мен Авджыларда теңіз бетінде ірі толқындар пайда болды. Кей жерлерде қайықтардың суға батып кеткені тіркелді. Желдің күші кешке дейін сақталатыны хабарланды.

Газиосманпаша ауданындағы Йенидоган мөлтек ауданында екі қабатты үйдің шатыры желдің әсерінен ұшып, сынықтар көшеде тұрған екі көлікке зақым келтірді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметі қауіпсіздік шараларын жүргізді.

Қатты желге байланысты теңіз қатынасының бірқатар бағыттары уақытша тоқтатылды.

Үскүдар, Зейтінбурну, Куручешме және Авджылар жағалауларында толқын күшейіп, жағалауда серуендеген және балық аулаған тұрғындарға қолайсыздық туғызды.