Кез келген елдің, соның ішінде біз­дің де төл тарихымызда қайшылыққа то­лы оқиғалар мен ақиқатынан аңызы ба­сым тұлғалар жетіп артылады. Тарихи де­ректерді бұрмалау, халыққа жасаған ең­бегі күмәнді, яғни нақты мәлі­мет­термен немесе құжаттармен дәлел­ден­беген адамдарды шамадан тыс ұлықтап көр­сету – мен үшін мүлде ақылға қон­бай­тын нәрсе.
Тарихты талқылау сәнге айналмауға тиіс – Президент тарихты көпе-көрінеу бұрмалаушыларды сынады
210
оқылды

Өкінішке қарай, мемлекетке ке­сірі тиетінін жете түсінбей, көп­ші­лік­тің көңілін табу үшін ойдан шығарылған дерек­тер мен жалған ақпараттар тара­та­тын, халқымыздың басынан өткен қиын­дықтарға өзге жұртты кінәлайтын тарих­шысымақтар пайда болды. Бұл туралы Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Әзіл айта білу және тарихи дерек­терді жетік білу үлкен саясатта да жо­ғары бағаланады. Мен кәсіби тарихшы емес­пін. Сондықтан, көптің алдында өт­кен дәуірлерге қатысты тақырыптарға бара бермеймін. Бірақ  тарихқа қызы­ға­мын, кітаптар мен мақалалар оқимын. Десе де, тарихи деректерді қазіргі сая­сат­тың мүддесіне пайдалануға бол­май­ды деп санаймын. 

Белгілі жазушы, драматург Эдвард Рад­зинский өткен ғасырдағы 80-жыл­дардың басында Сталин туралы ір­ге­лі зерттеу кітабын жазуға кіріскенін ай­тыпты. 

Қаламгердің елге «қайта құру қаһар­ман­дары» ретінде танылған достары «Се­нің Сталинің кімге қажет? Ашықтық пен демократия дәуірі басталғанын біл­мей­сің бе? Сталинизм заманы келмеске кетті» деп кекетсе керек. Сонда жазушы «Мен кітапты жазып бітірген кезде жұрт Сталиннің суретін көтеріп алып, көшеде жүретін болады» деген екен. Ақыры солай болып шықты.  

Тарихтан талай нәрсені үйренуге бо­лады, күні кеше ғана қуғында жүрген жан­дар ертең-ақ ұлы тұлға атанады. Есесіне, Ленин секілді көсемдердің әжуа­ға айналуы оп-оңай, халық оның қанат­ты сөздерін әлдеқашан ұмытқан. Ал Троц­кий өз естеліктерінде «партия­мыз­дың ең көрнекті ортақол адамы» деп атаған Сталинді қазір жұрт мадақтайды, тіпті, «Кадр бәрін шешеді», «Бала әкесі үшін жауап бермейді», «Өмір қандай кере­мет, өмір қандай көңілді», «Табыстан бас айналу», «Гитлерлер келеді-кетеді, ал неміс халқы қала береді» деген сөздері үшін пір тұтады. Осындай тарихи пара­докстар бізде де аз емес...    

Кез келген елдің, соның ішінде біз­дің де төл тарихымызда қайшылыққа то­лы оқиғалар мен ақиқатынан аңызы ба­сым тұлғалар жетіп артылады. Тарихи де­ректерді бұрмалау, халыққа жасаған ең­бегі күмәнді, яғни нақты мәлі­мет­термен немесе құжаттармен дәлел­ден­беген адамдарды шамадан тыс ұлықтап көр­сету – мен үшін мүлде ақылға қон­бай­тын нәрсе. 

Соңғы жылдары Қазақстанда тарихты талқылау сәнге айналды. Түрлі под­каст­тар, фильмдер, мақалалар мен кітап­тар шығып жатыр. Әрине, халық­тың төл шежіресін тануға деген қызы­ғу­шылығын түсінуге болады. Жалпы, бұл – құптарлық дүние.

Алайда  өкінішке қарай, мемлекетке ке­сірі тиетінін жете түсінбей, көп­ші­лік­тің көңілін табу үшін ойдан шығарылған дерек­тер мен жалған ақпараттар тара­та­тын, халқымыздың басынан өткен қиын­дықтарға өзге жұртты кінәлайтын тарих­шысымақтар пайда болды. Жұрт олар­дың сандырағына сеніп, өткен дәуір­дің жал­ған батырларын ұлықтай бастады. Мұның соңы жақсылыққа апар­майды. Бұл – ақиқат жолы емес, кері­сінше «жал­ған түсінік туғызатын теріс жол». 

Біз болашаққа ұмтылған қоғам, бір­тұтас ұлт ретінде төл тарихымызды танып, оны қаз-қалпында қабылдай білуіміз керек. Бізге негізсіз аңыз-әңгі­мелердің еш қажеті жоқ, оның бәрі сана-сезімімізге кеселін тигізеді. Тарих жұртты дауластыратын, жауластыратын тақырып емес, керісінше, қоғамды ұйыстыратын құндылық болуға тиіс. Ойдан шығарыл­маған, яғни ақиқатқа құрылған шежіре бізді тарихтан тағы­лым алып, кемшілік­терімізді түзетуге, сол арқылы болашаққа сеніммен қадам басуға үйретеді. Сон­дықтан, біз Абайды және оның ой-толғамдарын кеңінен дәріп­теп келеміз. Ол қоғамдағы кемші­лік­терді бүкпесіз айтып, «Толық адам» болуға бастайтын дұрыс жолды нұсқап кетті. Ұлы ойшыл­дың ұрпаққа қалдыр­ған баға жетпес мұрасы саналатын «Қара сөздері» әлі күн­ге дейін өзекті болып отыр.  

Абай халқымыздың еңбекқор, білім­паз және адамгершілігі жоғары болға­нын қалады. Мән-мағынасы жоқ сансыз пікірталастан басқа ұрпаққа ұлағат бо­­­­ларлық сөз қалдырмаған бірқатар қо­ғам қайраткерлерінің мұрасынан Абай ілімі әлдеқайда биік тұрғаны анық. Бірде-бір дәуірде, әсіресе, саяси аласа­пыран­дар кезеңінде көпірме сөздің еш пайдасы болмаған, – деді Президент.