2025 жылдың 14 желтоқсанында Астананың қақ ортасындағы үйінен шығып, қайта оралмаған 46 жастағы Ержан Махамбетовтің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Lider ұйымының еріктілері мәлімдеді.
Еріктілердің айтуынша, мәйіттің нақты қай жерден және қай күні табылғаны әзірге белгісіз.
Еске салайық, Ержан Махамбетов 14 желтоқсан күні таңғы сағат 10:00-де Бұқар-Жырау көшесіндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен болатын.
Айта кеткен жөн, осыған дейін Атырау облысында бүтін бір отбасы мүшелері де із-түссіз жоғалып кеткені туралы жазған едік.