Үкімет отырысында ет экспорты және мал шаруашылығын дамыту мәселесі көтерілді.
Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты шаралар қабылдауға бір апта уақыт берді
Фото: primeminister.kz
370
оқылды

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы егін шаруашылығындағы оң нәтижелерді атап өткеніне назар аударды. Президент мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына бір апта ішінде ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу міндеті қойылды. Сондай-ақ шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейту тапсырылды.

«Егіншілерді тікелей субсидиялау орнына жеңілдетілген несие беру тетігі өзінің тиімділігін көрсеткенін айта кету керек. Министрлік «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, осыған ұқсас ауыл шаруашылығын қолдау құралдарының аясын кеңейтуді жалғастыруға тиіс»,  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.