Президенттің азаматтардың цифрлық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде алдағы екі жылда 3 мыңнан астам ауыл интернетке талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосылатын болады.
2027 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі
Фото: primeminister.kz
441
оқылды

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, бұл ел халқының 99%-ын сапалы байланыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі үйлерге оптика желісін жеткізу бойынша «соңғы миль» жобасы жүзеге асырылуда. 

Осы жоба аясында 400 мыңға дейін үй шаруашылығына оптика құрылысы көзделіп отыр. Қосымша 2,5 млн адам қамтылады. Әкімдіктерден оптикалық кабельді ілу үшін электрмен жабдықтау тіректеріне қолжетімділікті ұйымдастыру талап етіледі,  — деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.