Қазіргі уақытта полиция мен құтқару қызметі оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.
«Плитасы қосулы қалған»: көпқабатты  үйдегі пәтерден ер адамның мәйіті табылды
436
оқылды

Павлодар қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден 1962 жылы туған ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, көршілер пәтерден түтін иісі шыққанын байқаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар терезе маңынан қою түтінді көріп, пәтерге кіру үшін есікті бұзуға мәжбүр болған.

«Пәтерге кірген кезде ер адам ес-түссіз күйде жатты. Өкінішке қарай, оның қаза тапқаны анықталды. Құтқарушылар асүйде қосулы күйде қалған плитаның үстінен ыдыс тапты», – делінген ТЖД хабарламасында.

Қазіргі уақытта полиция мен құтқару қызметі оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.