Алдын ала мәлімет бойынша, ол 1970 жылы туған, 25 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі машинист.
Рудныйдағы шахтада жарылыс болып, 56 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алды
377
оқылды

5 қаңтар күні Рудный қаласындағы «Соколов» шахтасында жарылыс болып, 56 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол  1970 жылы туған, 25 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі машинист.

Жарылыс кендегі ірі кесектерді жою кезінде жарылғыш заттарды қолдану барысында бақылаусыз болған. Оқиға салдарынан машинист түрлі дене жарақаттарын алып, дереу қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға бойынша Соколов-Сарыбай тау-байыту өндірістік бірлестігі (ССГПО) ресми түсініктеме беріп, тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. Полиция бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғады.