Осы бір әрекет әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп жіберген тәрізді.
«Үйде береке, жолда амандық болсын!»: блогер Жан Ахмедиев қайын атасына су жаңа көлік сыйлады
765
оқылды

Белгілі блогер Жан Ахмадиев қайын атасына тосын сый жасап, автосалоннан су жаңа көлік сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Желіде тарап кеткен жазбада блогер бұл қадамының астарында үлкен мағына жатқанын айтты. Оның сөзінше, туған әкесінен ерте айырылғанымен, жүрегінде әкеге деген сағыныш пен құрмет ешқашан өшпеген екен.

«Қайын атама жаңа көлік сыйладым. Әкенің орны бөлек, ал қайын ата – сол құрметтің жалғасы. Үйде береке, жолда амандық болсын»,-деп жазды ол.

Жан Ахмадиев бұған дейін де әкесіне көлік сыйлауды армандағанын, сол арманын бүгін қайын атасына деген сый-құрмет арқылы жүзеге асырғанын жеткізді.

Осы бір әрекет әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп жіберген тәрізді.

«Құтты болсын, азамат!», «Жарайсың, нағыз тәрбие көрген жігіт», «Жақсылыққа мінетін көлік болсын», «Ондай күйеу бала көп кездеспейді»,-деп жазып жатыр желідегі оқырмандар.