Сезім 18 жасқа толды.
Қайрат Нұртастың үлкен қызы туған күнін Мальдив аралында атап өтті
1,169
оқылды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызының туған күнін Мальдив аралдарында тойлады,  деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram әлеуметтік желісіндегі Stories-те отбасымен демалып жүрген сәтін көрсетті.

Айтуынша, олар Мальдив аралдарында қызы Сезімнің 18 жасын тойлаған.

"Негізі Сезімнің болмысы бөлек. Артық шуды, артық әрекетті, көп сөзді ұнатпайды. Өте мейірімді, Англияға оқуға түскелі мінезі де өзгеріп келеді. Тым бауырмал, аса сезімтал болған. Отбасымен ғана өткізетін уақытты қатты бағалайды. Ақылдым, тұңғышым, туған күніңмен. Өзіңдегі еркіндік, қарапайымдылық пен кең жүрегің сондай әдемі. Өмір жолың ашық болсын, кәмелетке толған менің үлкен бөпем",  деп жазды ол.