Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Ертең бірнеше қалада ауа сапасы төмендейді
Фото: astanatv.kz
189
оқылды

Қазгидромет метеорологиялық жағдайға қатысты болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ертең жеті қалада ауа сапасы төмендейді.

«2026 жылғы 8 қаңтарда Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - делінген хабарламада.

Қазгидромет болжамынша, бейсенбі күні ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Республиканың көп бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.

Ал елдің солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, боран соғады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.