Трансферлік портал 28 жастағы беларусь ойыншысын 1,5 миллион еуроға бағалап отыр.
«Қайрат» футбол клубының көшбасшысы басқа клубқа ауысуы мүмкін
549
оқылды

«Қайрат» және Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко «Газиантеп» клубына ауысуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Инсайдерлік мәлімет бойынша, жартылай қорғаушы түрік командасының бас бапкері Бурак Йылмазбен сөйлесіп үлгерген.

«Газиантеп» Громыконы қатарына қосу мәселесі бойынша «Қайрат» клубымен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл келіссөздер алматылық клубтың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Брюгге» командасымен 20 қаңтарда өтетін матчынан кейін басталмақ.

Валерий Громыко 2024 жылдың жазынан бері «Қайрат» сапында ойнап келеді. 2025-2026 маусымында жартылай қорғаушы барлық турнирде 41 матч өткізіп, 6 гол соқты әрі 11 нәтижелі пас берді. Трансферлік портал 28 жастағы беларусь ойыншысын 1,5 миллион еуроға бағалап отыр.