Жеке деректерді өңдеу білім беру ұйымдары тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес және тек білім беру процесін қамтамасыз ету мен ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылды.
Алматыда оқушылардың жеке дерегі таралып кеткені рас па?
Фото: pkzsk.info
163
оқылды

Алматы қаласы білім басқармасы оқушылардың жеке деректері таралып кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Басқарманың мәліметінше, бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Алматы қаласының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында оқитын білім алушылардың жеке деректерінің таралуы жөнінде жалған ақпараттың жариялануына байланысты, аталған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Білім беру процесін есепке алудың жаңа цифрлық жүйесіне көшу аясында білім алушылардың, олардың заңды өкілдерінің және педагог қызметкерлердің жеке деректерін үшінші тұлғаларға беру фактілері болған жоқ.

Жеке деректерді өңдеу білім беру ұйымдары тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес және тек білім беру процесін қамтамасыз ету мен ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылды.

«Азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және расталмаған ақпаратты таратудан аулақ болуға шақырамыз», - деді басқармадан.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.