Артынан қолында пышағы бар басқа әйел келіп, жерде жатқан әйелге бірнеше рет шапалақ беріп, пышақпен соққы жасайды.
Екібастұздағы жантүршігерлік қылмыс: әйел пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды
154
оқылды

Екібастұзда жантүршігерлік оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Telegram каналда жарияланған бейнежазбада бір әйел қансыраған күйде баспалдақпен төмен түсіп, бұрышқа жетіп құлағаны көрінеді. Артынан қолында пышағы бар басқа әйел келіп, жерде жатқан әйелге бірнеше рет шапалақ беріп, пышақпен соққы жасайды.

Полиция оқиғаның 9 қаңтарда болғанын растады. Болжам бойынша, жанжал тұрмыстық сипатта және қатысушылардың бірі мас күйде болған. Бір әйел оқиға орнында қаза тапты, екіншісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталып, уақытша изоляторға қамалды. Кісі өлтіру және оған оқталу дерегі бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.