Сирия армиясы Алеппода YPG (сириялық күрдтердің қарулы тобы) бақылауында болған соңғы ауданның босатылғанын мәлімдеді. Билік қалада толық бақылау орнағанын хабарлап, YPG ұстап отырған шамамен 200 бейбіт тұрғынның эвакуацияланғанын растады. Әскерилер тұрғындарды қауіпсіздік үшін үйлерінен шықпауға шақырды.
TRT Haber дерегінше, Шейх Максуд ауданынан шығарылған адамдар бірнеше күн бойы тұтқында болған. Құқық қорғау күштері оларды арнайы операция барысында тауып, қауіпсіз жерге жеткізген.
Сириялық мемлекеттік «Аль-Ихбария» арнасы әскери дереккөзге сілтеме жасап, эвакуациядан кейін YPG жасақтары Алеппоға Дейр-Хафир ауданынан ұшырылған дрондармен соққы беруге тырысқанын хабарлады. Сирия армиясы бұл дрондарды әуеде жойып, шабуылды болдырмады.