Мұндай шешімнің нақты себебі көрсетілмеген, тек "оңтайландыру шарасы" деп аталды.
Қазақстанда ипотекаға қатысты маңызды жеңілдік алынып тасталды
832
оқылды

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ипотекалық несие бойынша сыйақыға салықтық шегерім алынып тасталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл өзгеріс жаңа Салық кодексіне байланысты енгізілген.

Мұндай шешімнің нақты себебі көрсетілмеген, тек "оңтайландыру шарасы" деп аталды.

Сонымен қатар келесі салықтық жеңілдіктер де жойылды:

  • көпбалалы отбасыларға арналған жеңілдік;

  • білім алу шығындары бойынша шегерім;

  • медициналық қызметтерге байланысты шегерім.

Салықтық шегерім қалай жұмыс істейтін?

Салықтық шегерім — жеке табыс салығының (ЖТС) сомасын азайтатын тетік. Яғни, қызметкердің жалақысынан аз салық ұсталып, "таза" табысы көбейетін.

Ипотекасы бар азаматтар бұл арқылы сыйақының бір бөлігін салық есебінен қайтарып алатын. Орта есеппен жылына шамамен 50 000 теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін.

 

Шегерім тек ипотека бойынша сыйақыға қолданылатын, негізгі қарыз сомасына әсер етпейтін. Ол жұмыс беруші арқылы рәсімделетін. Бұл үшін жалақыңыз барлық салықтар ұсталғанға дейінгі ("брутто") мөлшерде көрсетілуге тиіс болатын, әйтпесе шегерім қолданылмайтын.