Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда-экономикалық ахуалдың даму барысын, соның ішінде АҚШ тарапынан Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жарияланған мәлімдемелерді жіті бақылап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазіргі таңда ықтимал шектеу шараларының нақты параметрлері белгісіз болғандықтан, Министрлік түрлі даму сценарийлерін жан-жақты саралап, бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы өзінің халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін дәйекті түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымға басымдық береді.