Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда.
1 тоннадан астам қоқыс жиналды
135
оқылды

Жоба экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және елді мекен­дер­ді абаттандыруға бағытталған. Осы жалпы­ұлттық бастаманы қолдай отырып, «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» экологиялық жобасын жүзеге асыруда. Жоба жүйелі түрде еліміздің барлық өңірлерінде өткізі­ліп, партиялық құры­лым­дарды, «Жастар Рухы» жастар қанатын және белсенді азаматтарды біріктіреді.

Оған мысал – Шымкент қа­ласында «AMANAT» партиясының қалалық филиалы ұйымдастырған акция. Тұран ауданының №3 ша­ғынауданында шамамен 50 адам арнайы техника көмегімен көпқа­батты үйлердің ауласын тұрмыстық қалдықтар мен жерге түскен жапы­рақ­тардан тазартты. Нәтижесінде, шамамен 1 тонна қоқыс шыға­рыл­ды, ал акция барысында қала бо­йынша жалпы шығатын қалдық көлемі 80 тонна болды. 

Жобаның экологиялық бағыты кейбір өңірлерде әлеуметтік құра­мамен толықтырылады. Мысалы, Ұлытау облысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Жезқазған қаласының тұрғыны, еңбек арда­гері Наталья Васильевнаның аул­а­сын қардан тазалап, қарт адамға қамқорлық көрсетті.

Осыған ұқсас жұмыстар Батыс Қазақстан облысында да жүргізілді. Орал қаласында «AMANAT» пар­тия­сының облыстық филиалы жа­нындағы «Жастар Рухы» белсен­ділері қатты аяз бен қарлы ауа ра­йына қарамастан ардагерлердің ауласын тазалап, үйлеріне апара­тын жолдарды қардан аршыды.

Акция аясында Шығыс Қазақ­стан облысының Шемонайха ауданында көшелер, жаяу жүргінші жолдары тазаланып – 1100 текше метрден астам қар шығарылып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі артып, елді мекендердің санитар­лық жағдайы жақсарды.

Маңғыстау облысында «AMANAT» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалы өндірістік ау­мақта «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдас­тырды. Мұнай-газ өндіру басқармасы №2 бастауыш партия ұйымының мүшелері аумақты тұр­мыстық және өндірістік қалдық­тардан тазалап, шамамен 1 тонна қоқыс жинады.

Акция Түркістан облысында ерекше мәнге ие болды, онда ол рес­публикалық маңызы бар және жалпыұлттық киелі мұра объектісі саналатын Аппақ ишан архитек­туралық кешенінің аумағында өт­кізілді. Іс-шара барысында аумақ­ты тазалау және абаттандыру жұ­мыстары партия белсенділері, музей қызметкерлері және «Жастар Рухы» еріктілерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Елнар ЕЛТАЙ