Мұхтархан Ділдәбеков қызметтік бағытын өзгертсе, оның орнына Қайрат Сәтжанов федерацияның жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайрат Сәтжанов — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері. Ол әр жылдары ел құрамасын басқарған тәжірибелі маман ретінде кеңінен танымал. Енді жаңа қызметінде жаттықтырушылар жұмысының үйлестірілуіне, сондай-ақ дайындық жоспарларының тиімді іске асуына жауап береді.
Ал 2024 жылдың ақпан айынан бері Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған Мұхтархан Ділдәбеков бұдан былай отандық боксты дамыту, сондай-ақ ішкі үйлестіру және стратегиялық бағыттар бойынша жұмыстарды жүргізетін болады.