Ол BIPL әнінің мәтіні дұрыс емес екенін айтқан.
«Ал, талаңдар мені!»: танымал айтыскер ақынның басы дауға қалды
Фото: YouTube
534
оқылды

Әлеуметтік желіде жас әнші Yenliк орындаған әннің мәтініне сын айтқан айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың басы дауға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол BIPL әнінің мәтіні дұрыс емес екенін айтқан

"Қарындасым, бағың жанып, бақытың ашылсын. Орындаушылығың мен даусыңа басқа кәсіби мамандар пікір айтар. Бірақ дәл мына мәтіннің мағынасы жоқ. Мен оны сөз түсінетін қазақ ретінде айтып отырмын. Өнерге келген екенсің елдің асыра мақтауына да, жігеріңді жаныған сыни пікіріне де дайын бол. Ішіміз ашығаннан емес, тілге жанымыз ашығаннан сөйлейміз", - деп пікір жазды айтыскер.

Әнші айтыскердің бұл сөзіне ашумен жауап берді.

"Өтірік тілек жазбай-ақ қойыңызшы. Менің шығармашылығымды толық қарап шыққан болсаңыз, бұлай бір әніме қадалып қалмайтын едіңіз. Сыныңызды мысқылдап, келеке қылмай-ақ осылай бастасаңыз да болар еді. Мен сіздің айтыстарыңызды көріп, шығармашылығыңызды сыйлайтынмын. Бүйтіп жаныңыз ашымай-ақ қойсыншы", - деді Yenlik.

Желі қолданушылары айтыскерді «қыз баланы қолдаудың орнына сынады» деп айыптады. Ал ол жеке басына емес, тек ән мәтініне назар аударғанын жеткізді.

«Жарықтық Threads парақшам бір аунап түсіпті ғой. Ал, талаңдар мені, қазір жауап беремін. Біріншіден, “Бұл қай ән? Кім не түсінді?” деген сұрақ қойылды. Оған “Бұл — Еңліктің әні, мағынасы осындай” немесе “Дым түсінбедім” деп сауатты, салқынқанды жауап бергендер бар. Негізгі шаруа сонымен бітті», - деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.