Астанада Нұра ауданында Қорғалжын тас жолы бойында жеңіл автокөлік өртенді.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру жасақтары көліктің толықтай отқа оранғанын анықтады. Өртті сөндіру үшін орташа көбік түзгіш генератор қолданылды. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қыс мезгілінде, әсіресе ауа температурасы төмендеген кезде, автокөлікті пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.