Осылайша алматылық Қайрат өз әлеуметтік желілерінде Лондонның Арсенал командасымен Чемпиондар лигасы аясында өтетін алдағы ойынды анонс етті.
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы соңғы матчына дайын
208
оқылды

24 қаңтарға қараған түні «Қайрат» футбол клубының ойыншылары «Арсеналға» қарсы өтетін матч алдында мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осылайша алматылық "Қайра"т өз әлеуметтік желілерінде Лондонның Арсенал командасымен Чемпиондар лигасы аясында өтетін алдағы ойынды анонс етті.

«Еурокубоктағы ертегімізді футболдың отанында аяқтаймыз», – деп жазды олар матчтың афишасына.

Қарсыластар 28-інен 29 қаңтарға қараған түні Лондонда кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Бұл матчқа алаң иелері Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі абсолютті көшбасшы ретінде келеді. Себебі «Арсенал» жеті ойында 21 ұпай жинаған. Ал «Қайрат» керісінше, турнирлік кестеде соңғы 36-орында тұр.

 

«Арсеналмен тең нәтижеге келісіп алыңыздар. Әлем жарылып кетеді», – деп әзілдеді жанкүйерлер пікір жазған кезде.