Ағылшын драматургы Р.Кунидің «№13» пьесасы - бүкіл әлем театр сахналарының сәніне айналған сәтті туынды. Британ театрының алтын қорына ХХ ғасырдағы ең үздік ағылшын комедияларының бірі ретінде енген пьеса.
Аталмыш спектакль қоғамның игілігі үшін қызмет атқарудың орнына демалуды ұйғарып, бес жұлдызды қонақүйдің 13-нөмірінде өзінің саяси қарсыласының хатшысымен құмарлыққа бой алдырған Ричард Уиллидің басынан өткен оқиғасы баяндалады. Күтпеген жерден олар нөмір терезесінде өлген адамның денесін табады. Осы сәттен барлық қызық басталады...

Сан алуан жанрларды біріктірген спектакльде шиелініске толы әрекеттердің қайталануы, саяси оқиғалардың көрініс табуы көрермендерді әртүрлі эмоцияға бөлеп, таңғалдырары анық. Кейіпкерлердің барлығы және жеке-жеке образдар жағымды әсер қалдырады. Бұл шытырман оқиға ақ пен қара, жақсы мен жаман жайлы ой толғау мақсатында емес, тек күлкі сыйлау мақсатына негізделген.

Р.Кунидің пьесасының желісімен сахналанған спектакльдің режиссері әрі театрдың көркемдік жетекшісі Е.Нұртазин арнайы жазылған музыкалық партиялар арқылы әр кейіпкердің мінезін ашуға баса назар аударған.
Режиссердің қиялы актер өнерінің еркіндігімен ұштасқан бұл қойылым көрерменге көтеріңікі көңіл күй сыйлады.