Осыған байланысты бірқатар телеарналар мен қызметтер уақытша өшіріледі.
Қазақстанда телеарналар мен радиохабар тарату уақытша өшіріледі
90
оқылды

Қазтелерадио АҚ ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осыған байланысты бірқатар телеарналар мен қызметтер уақытша өшіріледі.

Жоспарлы жұмыстар 2026 жылғы 28 қаңтарда Астана уақытымен 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Осы уақыт аралығында келесі қызметтерде уақытша үзілістер болуы мүмкін:

OTAU TV спутниктік телевидениесі;

эфирлік цифрлық телерадиохабар тарату;

аналогтық теле және радиохабар тарату;

деректерді беру және телефон байланысы қызметтері.

Компания аталған жұмыстар телерадиожелілердің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы түрде жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ абоненттерден уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.