Ұлттық Құрылтай – еліміздегі реформаларды тиімді жүзеге асыру жолдары қарастырылып, елдегі түрлі мәселені шешудің тетіктері ұсынылатын, сондай-ақ халық пен билік арасында алтын көпір қызметін атқаратын маңызды платформа. Сол үшін халқымыздың Құрылтайдан көп өзгеріс күтуі заңды әрі табиғи.
Құрылтай  қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдырады
109
оқылды

Бұл Құрылтайда  да еліміздің даму стратегиясы негізгі нысанаға алынып,  ұлттық мүдде, бірлік пен жауапкершілік тұрғысынан сарапқа салынды. Ұлттық құндылықтарды қастерлеу, мемлекетшілдік сананы сіңіру, қоғамдағы әрбір азаматтың белсенділігін арттыру, сол арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына әсер ету мәселелері қарастырылды. 

Бұл орайда Құрылтай халық пен мемлекеттің бір арнада тоғысатын ортақ кеңістігіне айналды десем, артық айтқандық емес. Мұнда айтылған әр пікір, әр ұсыныс еліміздің дамуына нақты қадам болады деп есептеймін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Ұлттық Құрылтай ел тарихында қалады. Біз аз ғана уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқардық. Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанның іргесін бірге қала­дық. Сіздер еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік және рухани болмысын өзгерту жолында зор еңбек еттіңіздер. Мем­лекеттігімізді нығайтуға елеулі үлес қостыңыздар. Алдағы уақытта да біз бірге ел игілігіне қызмет етеміз деп сенемін» деген пікірі алда әлі де көп әрі маңызды жұмыстың күтіп  тұрғанын білдіреді. Өйткені Мемлекет басшысы Құрылтайда қазіргі кейбір қиындықтан жалтарып немесе табысқа тоқмейілсіп отыруға қақымыз да жоқ, уақытымыз да жоқ екенін айтты. 

Тағы да ең маңызды жаңалықтың бірі – Парламент атауын  халқымыздың ұлттық санасында өзіндік орны бар ұғымдардың бірі, атына заты сай «Құрылтай» атауына ауыстыру идеясы. Біз бұл идеяны қол­даймыз.

Жалпы алғанда, Құрылтай жүктеген міндеттерді біз  береке мен бірлігімізге, білім мен білігімізге сүйеніп атқарамыз деп ойлаймын. Өйткені Құрылтай сынды тағылымды жиындар қоғамымыздың әр­бір мүшесінің бойында сенімділік оятып,  қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдырады. Еліміздің бейбіт өмірі мен баянды болашағы үшін қызмет етуге жазсын! 

Ұлықбек ТҰМАШИНОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты