Халықаралық туристерді тарту және заңнамалық қолдау – Президенттің саланың даму қарқынын екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға басты негіз.
Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32 пайызға өсіп, 1,2 триллион теңгеден асты
Фото: primeminister.kz
152
оқылды

Үкімет отырысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары мен жоспарлары туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалып отыр, мәселен, орналастыруға арналған орындарда туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 66-дан 52-орынға көтеріліп, өз позициясын жақсартты. Алдағы уақытта Топ-50 елге кіру мақсаты қойылды.

Капиталды тарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, салаға тартылған инвестициялар көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Жүзеге асыру сатысында тұрған Hilton, Mandarin Oriental кешендерінің, "Ой-Қарағай" курортының және Keruen Inn желісінің құрылысын қоса алғанда, сала бойынша 328 жоба бар. Бұл 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, – деді министр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.