Колледждің 66 кадеті Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына түскен.
Щучинскте Ш.Уәлиханов әскери колледжінің студенттері жаппай ауруханаға түсті
Фото: iStock
168
оқылды

Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде инфекция салдарынан кадеттер жаппай Көкшетау қаласындағы ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, колледждің 66 кадеті Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына түскен. Оның ішінде үшеуі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылғаны, оннан астамы орташа ауыр жағдайда екені туралы ақпарат тарады. Бұдан бөлек, тағы 50-ден астам қатты вирустық инфекция белгілерімен оқшаулағышқа орналастырылғаны мәлім болды. Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат бойынша студенттер уланудан аман. ЖРВИ, желшешек немесе қызылша болуы мүмкін. 

Облыстық балалар ауруханасының басшылығы ресми мәлімдеме беруден бас тартып, барлық ақпарат облыстық Денсаулық сақтау  басқармасы ұсынатынын хабарлады. Басқарманың баспасөз қызметі ресми ақпараттың кейін берілетінін жеткізді. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.